National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің хоккейден 10-шы мерейтойлық кубогының ашылу салтанатына қатысты

2019 жылғы 07 тамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін хоккейден 10-шы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.  

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.

***

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық «Барыс» командасы мен қазандық «Ак Барстан» бөлек Ресей Федерациясынан – «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары қатысуда.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің