National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті

2019 жылғы 12 қыркүйек

Қытайлық бизнесменмен кездесу кезінде әлемдік экономикадағы заманауи және маңызды мәселелер, кәсіпкерлік пен электронды коммерцияны дамыту жағдайы сөз болды.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын, біздің елдің мәдениеті мен адамдары ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Ол өзінің тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

«Alibaba Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

2024 жылғы 16 сәуір

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің