National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасуда

 

Жұмыс сапарының екінші күнінде Г.Әбдіқалықова 2013 жылы мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде салынған «Дәру клиникасы» медициналық оңалту орталығында болды. «Дәру клиникасы» Франция, Германия, Швейцария, Жапония және АҚШ сияқты әлемдік жетекші брендтік компаниялардың эксперттік санаттағы медициналық құралдарымен жабдықталған. Құрылған күнінен бастап клиникада  4 мыңнан астам емделушіге медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау-кен және өнеркәсіп үшін түрлі бекітпе-тіреуіш бұйымдар шығаратын «Каспий плюс» ЖШС өндірісінің жұмысымен танысты. Импорт алмастыруға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған кәсіпорынның негізгі әріптестері «Еуразиялық топ», «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі», «Өзенмұнайгаз» болып саналады.

 Жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің жетістігім – Тәуелсіздігімнің жетістігі» атты өңіраралық Жастар форумына қатысты. Форумға Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орынбор облысынан делегациялар келді.

Мемлекеттік хатшы кіріспе сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың жастарды тәрбиелеуге баса көңіл бөлетінін атап өтті. Елімізде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалғанын, олармен дербес жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін тиімді үлгі қалыптасқанын атап өтті. Инновация, білім, технология және тәжірибеге бағытталған «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы», «Серпін» жастар бағдарламалары мен жобалары сәтті жүзеге асырылуда.

Форумға қатысушылар жастардың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін талқылады. 

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы  бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару